Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 48111
    Дата: 03.02.2019 13:11:51
    Аты-жөні: Қарымсақова Жайлаш
    Сұрақ:
    Қайырлы күн! Құрметті прокурор мырза балам Хасанов Еркінге мекеме қызметкерлері үстіне киген киіміне тиісуде. егер мекеменің біркелкі формалары болатын болса, неге бермеске? Ол жоқты қайдан тауып киеді. мекеменің өзінің формасы қайда?Табылғанын, үйден барған киімдерін киіп жатыр, бары да нары сол. Бәрі қара түсті, өзгешелік жоқ сонда не кінә тағады. Осы киім мәселесін дұрыстап қарап шешсеңіз дұрысырақ па деп ойлаймын. Осы жөнінде әділ жауап беруіңізді сұраймын!
    Жауап күні:
    18 ақпан, 2019 - 18:17
    Жауап:
    Ж.Б. Қарымсақоваға БП блогы Құрметті Жайлаш Бакирқызы! Павлодар облысы прокуратурасымен Сіздің Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының блогына түскен, ұлыңыз Е. Хасановқа АП-162/2 мекемесінде қысқы киім бермегені туралы арызыңыз қаралды. Алайда, 16.02.2019 ж. облыс прокуратурасына, ұлыңыз Е. Хасановтан, Сіздің бұрын жолданған арызыңызды қарастырмау туралы өтініші келіп түсті. Сонымен бірге, облыс прокуратурасы Сіздің арызыңызда көрсетілген мән-жайларды тексеріп, олардың расталмағандығы туралы хабарлайды. Облыс прокурорының орынбасары Е. Қожабеков орын. Е. Досымжанов. тел. 8 (7182) 315-091
  • Сұрақ №: 48100
    Дата: 01.02.2019 19:38:29
    Аты-жөні: Қарымсақова Жайлаш
    Сұрақ:
    Салеметсізбе құрметті прокурор мырза! Мен сотталушы Хасанов Еркіннің анасымын. Қазір ол Павлодар қаласы, Шығыс өндірістік аймағы 250, АП -162/2 мекемесінде жазасын өтеп отыр. 1 ақпан күні әкесіне таксофонмен хабарласып өзіне қол жұмсайтындығын айтты. Ол не себептен сондай жағдайға баруға душар болып отыр. Ұрып соғу зорлық зомбылық па қалай түсінбедік көзіміз көріп отырған жоқ. Маған осы жағдайға байланысты балама зиян келетін жағдайда осы мекеме жауап бере ала ма?Баламның құқығын қорғауға құқығым бар. Сол себептен осы істің мән жайын тексеріп әділ жаза қолдануыңызды сұраймын.
    Жауап күні:
    18 ақпан, 2019 - 18:17
    Жауап:
    Ж.Б. Қарымсақоваға БП блогы Құрметті Жайлаш Бакирқызы! Павлодар облысы прокуратурасымен Сіздің Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының блогына түскен, ұлыңыз Е. Хасановқа АП-162/2 мекемесінің қызметкерлері тарапынан моральдік және физикалық қысым көрсеткен туралы арызыңыз қаралды. Алайда, 16.02.2019 ж. облыс прокуратурасына, ұлыңыз Е. Хасановтан, Сіздің бұрын жолданған арызыңызды қарастырмау туралы өтініші келіп түсті. Сонымен бірге, облыс прокуратурасы Сіздің арызыңызда көрсетілген мән-жайларды тексеріп, олардың расталмағандығы туралы хабарлайды. Облыс прокурорының орынбасары Е. Қожабеков орын. Е. Досымжанов. тел. 8 (7182) 315-091
  • Сұрақ №: 46989
    Дата: 22.10.2018 23:37:05
    Аты-жөні: Мағаз Әділет
    Сұрақ:
    Ассалаумағалейкүм, құрметті Қайрат Әлиханұлы! Мен, Баянауыл ауданы Ақсаң ауылының азаматы Әділет Ардақбекұлы келесі мәселемен сізге жүгініп отырмын. Сол аталып өткен ауылдан аудан орталығына қатысатын тас жолды 2018 жылдың мамыр айында маған беймәлім компания жаппай жөндеуге кіріскен болатын. Келесі назар аударғым келіп отырған мәселе, сол жолдың сапасына ауыл халқының көңілі толмауда. Яғни төселген асфальт сапасы өте төмен, жұқа көлемде және беткі қабатына ұсақ тас түйіршіктері (щебенка) шашылған. Сол тас түйіршітері жүріске өте қолайсыз, көліктің тайып кетуі ықтималдығы жоғары және қарсы келетін немесе артта келетін көліктерге шашырап, автокөліктің шынысын жарылу мүмкіндігіне әкеліп соғады. Жолдың жиегіне төселіп жатқан тастар өте ірі көлемде, сол ірі тастар жол үстінде көлік қозғалысына бөгет. Қараңғы уақытта, яғни түнде сол ірі тастарға автокөлікті соғып алу қаупі жоғары. Бастапқы уақытта жол салушылармен сұхбаттсақанда, олардың айтуы бойынша асфальт екі қабат төселеді деп айтылған болатын. Өкінішке орай айтылған сөздері іс жүзінде дәлелденбеді. Сізден өтінерім, жол сапасын жақсартып жасауын қадағалау.
    Жауап күні:
    5 қараша, 2018 - 18:49
    Жауап:
    Ә. Мағазға Бас прокурордың блогы Облыс прокуратурасы Сіздің Ақсаң аулының маңайындағы жолды қалпына келтіруге сапасыз қызмет көрсету туралы шағымыңызды қарастырды. Қазіргі уақытта Баянауыл ауданының прокуратурасы «ТСК Строй» ЖШС-нің автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстарына қатысты қызмет көрсету сапасын тексеруге талдау жүргізуде (Ақсаң ауылына кіреберіс). Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша прокурорлық ықпал ету шаралары қабылданатын болады. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз жоғары тұрған прокурорға жауаптың көшірмесін қоса тіркеп, шағымдануға құқылысыз. Облыс прокурорының орынбасары Р. Қаймолдин орынд. Е. Тюлеков тел. 31-50-94
  • Сұрақ №: 46010
    Дата: 12.09.2018 11:18:38
    Аты-жөні: Жумалиева Мадина Жанболатовна Мадина
    Сұрақ:
    16477 сурак бойынша натиже шыгаруларынызды отинемин осы уакыт аралыгында кыздарымды кайтармай жур Бурынгы сожительим Уразбаев А.С Мен Жумалиева Мадина Жанболатовна туратын мекен жайым Астана каласы.
    Жауап күні:
    27 қыркүйек, 2018 - 22:21
    Жауап:
    М.Ж. Жумалиеваға Құрметті Мадина Жанболатовна! Аудан прокуратурасымен Сізге бұрын бірге тұраған А.С. Уразбаев қыздарыңызды қайтармауы туралы өтінішіңіз қарастырылды. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 1 б. 1 т. сәйкес, сот ісін қарау тәртібімен қаралуға тиіс өтініштерді, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайтындығын түсіндіреміз. Аталған мән-жайларға сәйкес сотқа жүгінуіңізді ұсынамыз. Жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз жоғары тұрған прокуратураға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз. Прокурор района С. Абдильманов исп. Серікқанұлы Ж. тел.: 2-23-43
  • Сұрақ №: 45231
    Дата: 07.08.2018 20:17:29
    Аты-жөні: Мейрамова Амина
    Сұрақ:
    Құрметті Әбдіханов Қайрат Әлиханұлы!Менің ұлым Катпенов Али Берикович 19.10.2013 жылғы.Қазір Аллаға шүкір 4 жаста.Оның без бүйрек әкесі Катпенов Берик Сатбекович өз туған баласының алиментін төлемей қашып жүр.Ол бұрын сотқа барғанда тіпті дайындалып,жалған құжат жасатып,біреумен келісіп ақшаның таныстың көмегімен (Менің жалақым 20 мың теңге ғана деген жалған қағаз жасатқан.Өзінің туған баласынан аяп,алимент аз төлеу үшін.Сот ол қағазды көріп,сеніп алимент 5000 теңге,маған бала 3 -жасқа толғанша 9000 мың теңге төлеу туралы шешім шығарған болатын. КАтпенов Берик бұрынғы қарыздарын да төлемеді.Мен жуырда сол 5000 теңге алимент сұрағам ватцап арқылы.Ол менде 5000 теңге ақша жоқ дит.Жуырда үйленуге ақша табады,кауап жеуге барине ақша табады,ал балаға алимент таба алмайды.МЕн жалықтым,бұрын да бірнеше мәрте осы сайтқа жазған болатынмын.Тағы да жазуға мәжбүрмін.ЕНді осы жолы бір нәтиже шықпайынша 3рет жазам,сосын Астанаға жазам,Одан нәтиже болмаса Астанаға барам.Әділдікке қол жеткізбейінше мен тоқтамайм.Ол өз баласына тиесілі алиментін,бұрынғы қарыздарды қайтармайынша. Оның әкесінің атына жазып қойған машинасы да бар.Ол сонымен жүреді.Оған от та,сот та жоқ неге? Ол әрдайым әр жерден таныспен,ақшамен құтылып жүреді.Неге ол үйленіп,балалы болғасын баланы өлтіртісі,өлтіргісі келген.Тіпті ертен қартайғанда балаға төлеген алиментті екі есес қайтарып алам дейді без бүйрек.Мен жалықтым,күйінем әділдіктің,заңның жоғына.Бала ауамен ғана өспейтін шығар.Оған тамақ киім керек шығар,бала-бақшасы бар дегендей. ҚҰрметті прокурор мырза! Балама тиісілі жылап беретін алиментті,бұрыңғы қарыздарды өндіріп алуға көмектесіңізші.Және де қарыздар үшін,оның маған қоқанылық көрсеткені үшін оны қамауға алуыңызды сұраймын.Әділдікке жеткізуіңізді өтініп сұраймын? Ал егер ол бұрыңғы қарыздарын толығымен өтесе ,әкелік хұқығынан айырып босатамын.Алла Тағала ешбір нәзік жанға ондай ҚАТЫГЕЗ Жар,бЕЗ БҮЙРЕК әке жолықтырмауын Алладан қол жайып сұраймын!сӘБИЛЕРДІҢ көз жасы үшін әділдікке қол жеткізгім келеді.
    Жауап күні:
    5 қыркүйек, 2018 - 12:26
    Жауап:
    А.О. Мейрамоваға ҚР БП Блогы Құрметті Амина Оразовна! Облыс прокуратурасымен Сіздің алименттерді өндіруге көмек көрсету туралы арызыңыз қаралды. Б.С. Катпеновтен Сізді күтуге арналған алиментті өндіру туралы атқару құжаты бойынша өндіріс, 2017 жылдың 28 тамызында «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (Әрі қарай - Заң) 47 бабының 1 тармағы 7 тармақшасына сәйкес, атқару құжатының толық көлемде орындалуына байланысты мемлекеттік сот орындаушысы А.К. Шалгумбаеваның қаулысымен қысқартылғаны анықталды. Сонымен қатар, борышкер Б.С. Катпеновтен кәмелетке толмаған А.Б. Катпеновты асырауға арналған алиментті өндіру бойынша атқару құжаты 2017 жылдың 08 қыркүйегінде мемлекеттік сот орындаушысы А.Р. Жетписовтың қаулысымен аталған Заңның 48 бабының 1 тармағы 1 тармақшасы негізінде, өндіріп алушының арызы бойынша қайтарылғаны белгілі болды. Заңның 48 бабының 2 тармағына сәйкес, атқару құжатын өндіріп алушыға қайтару осы құжатты орындауға қайта ұсынуға кедергі емес, заңмен белгіленген шектеулердің шегінде. Борышкер тарапынан кәмелетке толмаған баланы асырауға арналған алиментті өндіру жөнінде атқару құжатын орындаудан бас тарту дерегі орын алмаған. Заңның 31 бабына сәйкес, мәжбүрлеп орындау шарасын қолданудың негізі ретінде сот орындаушысымен өз өндірісіне қабылданған атқару құжаты болып табылады. Осыған орай, Заңның 138 бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, Сізге аталған атқару құжатын Павлодар облысының жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасына орындауға ұсынуыңыз қажеттігін түсіндіремін. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз оған жоғары тұрған прокуратураға немесе сотқа оның көшірмесін қоса тіркеп шағым келтіруге құқылысыз. Облыс прокурорының орынбасары Е. Қожабеков орын. Зайтым Е.З. тел. 31-51-05

Беттер