Ақсу қаласының прокурорлары 100 астам мүгедектердің құқығын қорғады

05 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақсу қаласының прокурорлары 100 астам мүгедектердің құқығын қорғады - 197560765

Ақсу қаласының прокуратурасы мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың мүдделерін қорғау саласында заңдылықтың сақталу жағдайын тексеру барысында оларға салық салу кезінде заң бұзушылықтар орын алғанын анықтады.

         Бірнеше жыл қатарынан 127 мүгедекке көлік, жер және мүлік салықтары салынып жүрген, ол Салық заңнамасының талаптарын бұзушылық болып табылады.

Мәселен, қала тұрғыны, III-топтағы мүгедек (1996 жылдан бастап мерзімі шектелусіз) 2 жыл өзінің жалғыз көлік құралы үшін жалпы сомасы 35 мың теңге салық төлеп келген.

Бұл ретте, Салық Кодексінің 490-бабына сәйкес меншiгiнде мотоарбашлар мен автомобильдерi бар мүгедектер – салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша(қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден асатын жеңіл автомобильден басқа) көлік құралы салығын төлеуден босатылады. Мүгедек адамның меншік құқығында салықтық кезең ішінде бірнеше автокөлік құралы болған жағдайда, есептелген салық сомасы барынша көп автокөлік құралдарының біреуіне қатысты қолданылады.

Прокурорлық ықпал ету актісінің қорытындысы бойынша жоғарыда көрсетілген 127 тұлғаға қатысты қаланың Мемлекеттік кірістер басқармасы жеңілдіктер қарастырып, артық төленген ақшалай қаражатты қайтару бойынша шаралар қолдануда.

Сонымен қатар прокурорлар араласуынан кейін салық есептеу мерзімі жақындап қалған адамдарға салық салудың  алды алынды. 

 

 

Павлодар облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу