Ақтоғай ауданында полиция бөлімінің қызметін талқылады

21 қаңтар 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақтоғай ауданында полиция бөлімінің қызметін талқылады - 702329132

Ақтоғай ауданының прокуроры Саят Асаиновтың бастамасымен 2019 жылға Ақтоғай ауданының полиция бөлімі қызметінің тиімділігі туралы ведомствоаралық кеңес өткізілді.

Кеңес жұмысына Ақтоғай ауданының әкімі Қ.З.Арынов, Павлодар облысы Полиция департаментінің ЖПҚ бастығының орынбасары  Р.А. Кенжин, аудан полиция бөлімінің басшылары және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Аудан прокуроры С.Х.Асаинов өз баяндамасында аудандағы  криминогендік жағдай қорытындысы, қылмыстық істердің ашылуы мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасы бойынша статистикаға тоқтала кетті.

Кеңес қорытындысы бойынша әкімдікке ауыр криминогендік жағдайы бар ауылдарды техникалық бекіту құралдары мен көшені жарықтандыруды қамтамасыз ету үшін қосымша қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органға, полиция мен ветеринарлық қызметтерімен бірлесіп, жүріс бөлігіне іргелес жатқан жерлерде мал жаюды жібермеу бойынша шаралар қабылдау  ұсынылды.

Сондай-ақ бір учаскіге 5 жылдан астам уақыт бекітілген қызметкерлерді ротациялау және ауыстыру, сонымен қатар ауыл ішінде күнделікті патрульдеуді  ұйымдастыру және барынша жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүріс бөліктерінде патрульдік нарядтардың жиі болуы  ұсынылды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу