Ақтоғай ауданының прокуратурасы жеке кәсіпкерлердің құқығын қорғады

13 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

     Ақтоғай ауданының прокуратурасы талдау барысында ауданның салық органдары тарапынан кәсіпкерлердің құқығын бұзу фактісін анықтады.         

          Екі кәсіпкерге қатысты ұйғарым шығармай және тіркемей тексеріс жүргізілгені анықталды. 

       Нан-тоқаш өнімдерін өндірушілерге салықшылар шаруашылық қызметі туралы сұрау хат жолдаған, сондай-ақ кірістері туралы жазбаша түсініктеме мен есеп-қисаптары талап етілген.    Нәтижесінде жеке кәсіпкердің біреуі 2017 жылдың 1 жартығылдығына қосымша табыс салығы мен әлеуметтік салық төлеген.

         Уәкілетті органның аталған іс-әрекеттері ҚР Кәсіпкерлер туралы кодексінің 140-бабына сәйкес тексеріс болып табылады.

         Алайда, аумақтық салық органы тексеру тәртібі бойынша заңнама талаптарын сақтамай, кәсіпкерлердің құқығын бұзған.

       Талдау нәтижесі бойынша аудан прокуроры жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім жетекшісіне қатысты әкімшілік іс қозғады.

          Ақтоғай аудандық соты лауазымды тұлға кінәлі деп табылып, оған жаза ретінде 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

          Жіберілген заң бұзушылықтар үшін сот прокурордың өтініші бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің атына жеке қаулы шығарды.

          Сот шешімі құқық бұзушының арызы бойынша қайта қаралып, апелляциялық сот сатысында өзгеріссіз қалдырылды.

        

 

Павлодар облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу