Алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушылары 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына тартылуы мүмкін

05 қыркүйек 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Павлодар облысы аумағында алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымымен шұғылданған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында қылмыстық топ құрамында  5 тұлға, оның 4-і әйел адам болғаны анықталды. Белсенді 4 мүшесіне қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған тұлғалар Кенжекөл ауылында және Павлодар қаласында жасанды алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын цехтар ұйымдастырған. Қажетті шикізаты ШҚО-дан алынып (спирт, шынылар, жапсырмалары, т.б.), цехта шыныларға құйылып, қолдан жасалған есепке алу-бақылау маркаларын жапсырып, дайын өнімді Павлодар қаласында (Бейбітшілік көшесі, 50) және облыс аумағында таратқан.

Күніне шамамен 2 000 шыны құты көлемінде алкоголді өнім шығарылып тұрған, оның негізі бөлігін «Новая» маркалы арақ құраған.

Күдіктілердің заңсыз әрекеттері Қылмыстық кодекстің 262 1,2 б. (Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету),  233 б. 2 б. (Көрiнеу жалған акциздiк маркаларды пайдалану), 214 б. 2 б. 1 т. (заңсыз кәсіпкерлік) , 218 б. 3 б. (қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру) дәрежеленген. Іс бойынша процестік прокурорлар белгіленді.

Сотқа дейінгі тергеубарысында 108 млн.теңге көлемінде күдіктілердің мүлігіне тиым салынды.

Аталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлігін тәркілеумен қоса 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу