Бала құқығы қорғалған

12 мамыр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бала құқығы қорғалған - 851995466

Железин ауданының прокуратурасы тексеріс жүргізу барысында аудан орталығы тұрғынының алған несиесі бойынша берешегі пайда болуына байланысты карточкалық шотына заңсыз тыйым салынғанын анықтады.

Атқарушылық іс жүргізу бойынша қамтамасыз ету шаралары шеңберінде жеке сот орындаушысы тыйым салған шот кәмелетке толмаған баланы асырап-бағуға алимент төлеуге арналғаны, соның нәтижесінде ақшалай қаражат алу мүмкіндігі жойылғаны анықталды.

Ал «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабының 12- тармағына сәйкес кәмелетке толмаған балаларды асырауға арналған алименттерден қарызды өндіріп алуға болмайды.

Тексеру нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнаманың бұзылуына байланысты сот орындаушысының заңсыз тыйым салу туралы қабылдаған шешімінің күші жойылды, ал алимент төлемдері қайта қалпына келтірілді.

Бала құқығы қорғалған - 169162361