Бас Прокурордың бұйрығымен Павлодар облысы прокуратурасында кадрларды тағайындау жүргізілді. Облыс прокурорының бірінші орынбасары болып аға әділет кеңесшісі Марат Алиханов тағайындалды. Павлодар облысы прокурорының орынбасары болып аға әділет кеңесшісі М

02 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас Прокурордың бұйрығымен Павлодар облысы прокуратурасында кадрларды тағайындау жүргізілді. Облыс прокурорының бірінші орынбасары болып аға әділет кеңесшісі Марат Алиханов тағайындалды. Павлодар облысы прокурорының орынбасары болып аға әділет кеңесшісі М - 128727301

Аға әділет кеңесшісі Марат Алиханов 1965 жылы туған, білімі жоғары, 1989 жылы Қарағанды қаласында Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірді.

Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 1989 жылдың қыркүйегінде Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы прокуратурасының стажер-тергеушісі лауазымынан бастады.

1990 жылдың сәуірі мен 2014 жылдың қараша аралығында сот органдарында, прокуратура органдарының жүйесінде әртүрлі лауазымдарда, Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес агентігінде қызмет атқарған.

2014 жылдың қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының орынбасары және бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2016 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуроры болып тағайындалды.

Осы уақытқа дейін Павлодар облысы прокурорының орынбасары лауазымында жұмыс атқарған..

 

Марлен Сламбеков 1973 жылы Алматы облысы, Кировский кентінде туған. 1996 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірді.

Қызметін 1996 жылы Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасы органдарында маман ретінде бастап, осы прокуратураның әскери прокурорының көмекшісі, Бөлімнің әскери прокуроры, Бас әскери прокуратура басқармасының аға әскери прокуроры, Алматы қ. прокуратурасы Басқармасының аға прокуроры, Алматы қаласының Түрксиб, Әуезов аудандары прокурорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.

2007 жылдың сәуірі мен 2009 жылдың қыркүйегі аралығында Қылмыстық-атқару жүйесі және кедендік бақылау комитетінде қызмет атқарған, кейін прокуратура органдарында қызметін жалғастырған. ҚР Бас Прокурордың аға көмекшісі лауазымда, Бас прокуратурасы Қылмыстық қудалау қызметінің басқарма бастығы болып қызмет еткен.

Осы уақытқа дейін Өскемен қаласының прокуроры лауазымында жұмыс атқарған. Құқық қорғау қызметіндегі өтілі 20 жылдан астам, оның ішінде прокуратура органдарында 19 жылдан астам қызмет еткен.

 

Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу