Бос лауазымдық қызмет орындарына конкурс жарияланды

20 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Павлодар облысының прокуратурасы, 140000, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі, 3 үй, анықтама телефоны 8(7182) 31-50-60, 31-50-80, эл.мекенжайы 7182207@prokuror.kz, Павлодар қаласы прокуратурасында 4 бірлік, Екібастұз қаласы прокуратурасында 3 бірлік (1 бірлік - жүктілік пен босануға байланысты кезінде, 1 бірлік - оқу демалысы кезеніне), Май ауданы прокуратурасында 1 бірлік, Железин ауданы прокуратурасында 1 бірлік бос лауазымдық қызмет орындарына конкурс жариялайды.

Лауазым санаты:

Павлодар қаласы прокуратурасы бөлімінің прокуроры (C-RGP-5), Екібастұз қаласы прокуратурасы бөлімінің прокуроры (C-RGP-5), Май ауданы прокуратурасының прокуроры (C-RGP-5), Железин ауданы прокуратурасының прокуроры (C-RGP-5), еңбекақысы 76274 (жетпіс алты мың екі жүз жетпіс төрт теңге).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

білімі – жоғары кәсіби, нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес келуі тиіс немесе жоғары заңгерлік;

құқық қорғау органдарында қызметін өтеуге денсаулығы бойынша жарамдылығы;

нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін орындауға қажетті міндетті білімінің, дағдылары мен қабілеттерінің болуы;

Құжаттар тізбесі:

1) Өтініш (Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесін бекіту туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша);

2) сауалнама (Ереженің 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (Ереженің 4 қосымшасына сәйкес нысан бойынша (нақты мекенжайы мен телефондары, соның ішінде байланыс телефондары көрсетілген);

4) өз қолымен жазып және басып шығарған толық өмірбаяны, туған-туысқандары, соның ішінде бұрынғы жұбайлары да көрсетілуі тиіс (Ереженің 5 қосымшасына сәйкес нысан бойынша);

5) жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі, нотариалды түрде расталған;

6) білімі туралы құжат көшірмесі, нотариалды түрде расталған;

7) еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі, нотариалды түрде расталған;

8) әскери билет көшірмесі немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлік;

9) көлемі 3х4 сурет (3 дана);

10) азаматтың және оның жұбайының кірісі мен мүлкі туралы мекенжайы бойынша салық органына тапсырған декларациясын растайтын құжаттар;

11) қолданыстағы заңнама нормаларын білуі туралы компьютерлік тестілеу нәтижелері, конкурсқа қатысу үшін құжаттарын тапсыру кезеңіне жарамды тестілеудің шектеулі мәнінен төмен емес;

12) медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өту нәтижелері, соның ішінде прокуратура органдарындағы қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда полиграфологиялық зерттеуден және міндетті арнайы тексеруден өту нәтижелері;

13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының соттылығы, бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылуы жоқ екендігі туралы анықтама;

14) соңғы жұмыс орнынан (оқу орнынан) мінездеме.

Азаматтар білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі мен іскерлік атағына қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежесі мен атағы туралы құжаттар көшірмесін, мінездеме, ұсыныс, ғылыми жарияланымдарын) ұсына алады.

Аталған құжаттардың бірінің болмауы оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, мекенжайы - Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі, 3.

Құжат тізбесінде көрсетілген қосымшалар Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесінде бар.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу