Еңбек құқықтары қорғалды

01 маусым 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Еңбек құқықтары қорғалды - 159137001

Аққулы ауданының прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықығы саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді.

«Аққу-сервис» ШЖҚ КМК жалақыны уақытылы төлеу бөлігінде 43 қызметкердің алдында жалпы сомасы 2 млн. теңгеден астам міндеттемелер орындалмағаны анықталған, бұл конституциялық құқықтарының бұзылуы болып табылады. 

Осыған байланысты аудан әкімінің атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыну енгізілді.

Оны қарау нәтижесі бойынша кәсіпорын қызметкерлерінің алдындағы жалақы бойынша берешек (бір айдан астам) толық көлемде өтелді.

Еңбек құқықтары қорғалды - 1983609311