«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында бұзушылықтар анықталды

17 маусым 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында бұзушылықтар анықталды - 1128238795

             Успен ауданының прокуратурасымен «Успен ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыс кадрларын қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға (еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша) бөлінген қаражатты жұмсау заңдылығының мәселесі бойынша қызметіне талдау жүргізілді.

             Бұл мемлекеттік бағдарлама халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға арналғанына қарамастан, оған критерийлерге сәйкес келмейтін тұлғалар қатысқан. 

            Мысалы, өзге ұйымдарда жалақы ала отырып жұмыс істегеніне қарамастан, 15 тұлға 3 ай бойы тегін оқып, стипендия алған.

            Сонымен қатар, «тракторист-машинист» мамандығы бойынша заңсыз білім алған 6 тұлғаның ішінде , екеуінде - қолданыстағы тракторист-машинист куәлігі болған, ал төртеуі – бұрын мас күйінде көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған.

             Нәтижесінде, қадағалау актісімен мемлекеттік бағдарлама бойынша заңсыз оқыған тұлғалардан 1 млн. теңгеден астам қаражат өндіріліп, берілген куәліктердің қолданылуы тоқтатылды.  Сондай-ақ, осындай жағдайға жол берген мемлекеттік мекеменің 4 тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.