Ертіс ауданының прокуратурасы азаматтардың еңбек құқығын қорғады

26 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ертіс ауданының прокурорларымен азаматтардың еңбек құқығы бұзылғандығы анықталды.

Бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша мемлекеттік айыптауды қолдау барысында, «ОХ Иртышское» ЖШС жұмыс берушің тарапынан жалақы бермеу салдарынан сотталушы қиын материалдық жағдайда болғандықтан қылмысқа барғандығы белгілі болды.

Жасалған талдау серіктестіктің 93 жұмыскердің алдында жалақы бойынша 4 млн. теңгеден жоғары жасырын қарыздары бар екенін көрсетті.

Аудан прокурорының ұсынысы негізінде Павлодар облысының еңбек бсқармасымен (ӘҚБт 87 б. 1 т.) 240 500 теңге (100 АЕК) көлемінде еңбекке ақы төлеу талаптарын бұзғаны үшін ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бүгінгі таңда қарзы толық қайтарылды.    

«Ертіс-Комсервис» ЖШС жұмыскерлердің алдындағы жасырын қарыздары бойынша кәсіпорынның еңбек ұжымдарымен жеке кездесу барысында өзге мән-жайлар белгілі болды.

Прокурорлық ден қою актілері негізінде 66 қызметшінің алдындағы 5,8 млн. теңге көлеміндегі қарыз толық өтелді.

 Сол сияқты білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыскерлерінің еңбек құқықтары бұзылғандығы анықталды. Олар зиянды еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы, арнайы киім және емдеу-профилактикалық тамағын алмаған.

Прокурорлардың қабылдаған шаралары бойынша 65 жұмыскерге жалпы соммасы 1,9 теңге мөлшерінде қосымша ақы төленді, сонымен қатар арнайы киімдер берілді.

Орын алған бұзушылықтар үшін жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды және оларға 1 млн. астам теңгеге айыппұл салынды. Білім басқармасының басшысы тәртіптік жазаға тартылды.

 

Павлодар Облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу