Интернеттегі алаяқтық

05 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Интернеттегі алаяқтық - 820928918

Интернеттегі алаяқтық

 

Соңғы уақытта Павлодар облысының аумағында интернет желілерінде жасалатын алаяқтық (интернет-алаяқтық) оқиғалары жиілеп кетті, алаяқтар банк шоттарына және өз құрбандарының карточкаларына ауысты.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағында ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

2019 жылы облыста ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жасалған 406 алаяқтық фактісі тіркелді, ағымдағы жылдың екі айында олардың саны 70-ке жетті.

Бұл ретте, бүгінгі күні интернет-алаяқтық тәсілдері көбейе түсуде.

Мәселен, 406интернет-алаяқтық   фактісінің (тауарларды сату немесе қызмет көрсету туралы хабарландырулар жарияланған қосымша) 116-сы «OLX» жүйесінде жасалса,  «Kolesa.kz»-те (автомобильдер мен қосалқы бөлшектерді сату жөніндегі қосымша) – 98, «Instagram»-да (әлеуметтік желі, онда да тауарларды танымал өткізу) – 78, өзге де интернет-ресурстарда (фирмалар сайттары, оның ішінде шағын несие ұйымдарына онлайн-кредит беретін екінші деңгейдегі банктер «tengo.kz», «dengiclick» және т.б.) – 114 .

Мысалы: полиция органдары бірнеше эпизодтық қылмыстық істі тергеуде, онда күдікті «Instagram» қосымшасы арқылы қыздармен танысып, оларға РФ-да жүргенін, оған ақша жіберуі керек екенін айтқан, бірақ оның карточкалары жоқ және олардың карточкаларына ақша қаражатын жіберуге рұқсат сұраған. Қыздардың келісімі бойынша ақша аудару үшін оған «whatsapp»-қа карточкасының және жеке куәлігінің фотосуреттерін жіберуді сұрайды. Қажетті мәліметтерді алып, олардың атына онлайн несие ресімдеп, телефонын өшірген.

Республика бойынша бүгінгі күні көптеген микрокредиттік ұйымдар жұмыс істейді, олардан18 жасқа толған, жеке куәлігі, банктік картаның қолданыстағы шоты және ұялы телефон, планшет немесе интернетке шығатын компьютері бар ҚР кез келген азаматы онлайн кредит ала алады, ресімдеу мерзімі ең аз (қажетті соманы таңдайды, өтінімді толтырады және ақша бірден картаға түседі).

Бұл жағдайда біздің азаматтарымыздың қаржылық сауатсыздығы мен сенгіштігі басты проблема болып отыр. 

Осыған байланысты облыс прокуратурасы азаматтарға қырағы болу және жеке ақпаратпен, соның ішінде банк карточкалары, ПИН-СМС-кодтар және т. б. ақпаратпен бөліспеу қажеттілігі туралы ұсыныс жасайды.

Күдікті СМС немесе қоңырау түскен жағдайда дереу полиция органдарына немесе прокуратураға жүгіну қажет, сонымен бірге банктегі өз шоттары мен несие тарихын тексеру керек.

 

 

Павлодар облысының

прокуратурасы