Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған бос басшы лауазымға орналасуға прокуратура органдары қызметкерлері арасындағы ішкі конкурс

16 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған бос басшы лауазымға орналасуға прокуратура органдары қызметкерлері арасындағы ішкі конкурс

 

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары

 

          C-ОGP-4 санаты үшін: білімі – жоғары, нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес келуі тиіс; құқық қорғау органдарында қызметін өтеуге денсаулығы бойынша жарамдылығы; нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін орындауға қажетті міндетті білімінің, дағдылары мен қабілеттерінің болуы.

          Еңбек өтілі келесі талаптардың біреуіне сәйкес болуы керек:

1) Прокуратура органдарында бес жылдан  кем емес, соның ішінде Бас прокуратураның орталық аппаратындағы, Бас прокуратураның ҚСжАЕК/облыстық органдарында екі жылдан кем емес немесе басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес еңбек өтілі;

2) немесе құқық қорғау органдарында лауазымдарда сегіз жылдан кем емес, соның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) немесе мемлекеттік қызметте тоғыз жылдан кем емес, соның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес;

4) немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда  он жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Лауазымдық айлықақы:

 

Санаты

Лауазымдық айлықақы еңбек өтіліне байланысты (теңге)

min

max

C-ОGP-4

130 020

178 032

 

 «Павлодар облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі, 140000, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі, 3, анықтама телефоны: 8 (7182) 31-50-60, факс:    8 (7182) 31-50-80, электрондық мекенжайы: 7182207@prokuror.kz, Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған бос басшы лауазымына прокуратура органдарының қызметкерлері арасында ішкі конкурс жариялайды:

1. Павлодар облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының бастығы,  санаты C-ОGP-4, 1 бірлік.

Жоғары тұрған бос басшы лауазымдарына кандидаттарды іріктеудің негізгі өлшемшарттары мінсіз атақ, кәсіби, іскерлік жеке сапалар болып табылады. Бұл ретте ішкі конкурста жоғары тұрған басшы лауазымына кадрлық резервте тұрған кандидаттарға басымдық беріледі.

Жоғары тұрған басшы лауазымына конкурстық іріктеу кандидаттарды біліктілік талаптарына сәйкестікке қарау, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білуіне тестілеу жүргізу (бұдан әрі – компьютерлік тестілеу) және әңгімелесу арқылы жүзеге асырылады.

    Конкурсты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы           25 қыркүйектегі «Конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдарының тізбесін және Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 118 бұйрығыңа сәйкес жүзеге асырылады.

Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы           28 тамыздағы №90 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде №8780 нөмірмен тіркелген).

Ішкі конкурсқа қатысуға қажет құжаттар:

Ішкі конкурсқа қатысуға өтініш конкурсты жариялаған прокуратура органының кадр қызметіне 1-қосымшаға сәйкес нысанда хабарландыру жарияланған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

            Өтінішке жұмыстағы негізгі көрсеткіштерді және шынайы жетістіктерді көрсететін қызмет нәтижелері туралы тікелей басшы қол қойған анықтама, 2-қосымшаға сәйкес қарамағында кандидат бар лауазымды адамның ұсынымхаты (бұдан әрі – ұсынымхат) қоса беріледі.

Бас прокуратура қызметкерлері үшін ұсынымхатқа Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары не олардың орынбасарлары, облыс прокуратураларының, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитетінің және оның аумақтық органдарының қызметкерлері үшін – прокуратура органдарының басшылары не олардың орынбасарлары қол қояды.

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, сондай-ақ мерзім бұзыла отырып ұсынылған жағдайда кадр қызметі кандидаттың конкурса қатысуға өтінішін кері қайтарады. Азаматтар өздерінің білімдеріне, жұмыс өтілдеріне, кәсіби деңгейлері мен беделдеріне қатысты қосымша ақпараттар ұсына алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмесін, мінездемелер, ұсынымхаттар, ғылыми жарияланымдар, өз кәсіби қызметтерін, біліктіліктерін сипаттайтын басқа да мәліметтер).

Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыруды соңғы жариялаудан кейін келесі жұмыс күнінен есептелетін құжаттарды қабылдау мерзімі (5 жұмыс күні)

Ішкі конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарды  қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы немесе электрондық поштаға ұсынады.

                Құжаттарды электрондық түрде электрондық поштаға ұсынған жағдайда, олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған кезде конкурстық комиссия тұлғаны әңгімелесуге жібермейді.

            Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі, 3 мекенжайы бойынша «Павлодар облысының прокуратурасы» ММ-де өтеді.

            Конкурсқа қатысуға кеткен шығындарды (әңгімелесу орнына бару және қайту, тұрғын үй ғимаратын жалдау, тұру, барлық түрдегі байланыс қызметтерін қолдану) азаматтар өз қаражаттарынан жүргізеді.

Конкурс қатысушылары мен кандидаттары конкурстық комиссия шешімдеріне жоғары тұрған прокуратураға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдана алады.

                                                                                     

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы
прокуратура органдары
жүйесінің жоғары тұрған басшы
лауазымдарына конкурс өткізу
қағидаларына
1-қосымша

 

 

нысан

Ішкі конкурсқа қатысу үшін арыз

      __________________________________________________________________________

      (лауазымның атауы)

      бос лауазымға орналасу үшін ішкі конкурсқа қатысуға рұқсат сұраймын.

      Қазақстан Республикасы прокуратура органдарында бос лауазымдарға орналасу

      үшін ішкі конкурс өткізу тәртібімен және шарттарымен таныстым, оларды орындауға

      келісемін және міндеттенемін. Арызға келесі құжаттар қоса беріледі:

      1.___________________________________

      2.___________________________________

      3.___________________________________

      Ұсынылған құжаттардың дұрыстығын растаймын.

 

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар

 

болған жағдайда))

 

" " ____________ 20____ ж.

      Байланыс телефоны/ электронды мекенжайы ___________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы
прокуратура органдары
жүйесінің жоғары тұрған басшы
лауазымдарына конкурс өткізу
қағидаларына
2-қосымша

 

нысан

Ішкі конкурсқа қатысу үшін кандидатқа ҰСЫНЫМХАТ

      __________________________________________________________________________

      (лауазымның атауы)

      жарияланған бос лауазымға ішкі конкурсқа қатысу үшін _________________________

      __________________________________________________________________________

      ұсынамын       (кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты, лауазымның атауы)

      Кандидат мынадай қасиеттерге ие __________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (кандидаттың кәсіптік, іскерлік және жеке қасиеттері; көрсетілген қасиеттердің

      кандидатта бар екенін растайтын мысалдар)

      Қосымша ақпарат:

      __________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________.

      Ұсынып отырған адамның

      лауазымы қойған қолы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы
прокуратура органдары
жүйесінің жоғары тұрған басшы
лауазымдарына конкурс өткізу
қағидаларына
5-қосымша

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге компьютерлік тестілеу бағдарламасы

Бағдарлама

Сұрақтар саны

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу сұрақтары мыналарды қамтиды:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (35 сұрақ)
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі (35 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Заңдары:
"Прокуратура туралы" (25 сұрақ),
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ),
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (10 сұрақ).

120

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу