Көрсеткіштердің санын арттыру жолында, азаматтардың құқықтары бұзылуда - Павлодар облысының прокуратурасы

24 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Павлодар облысының прокуратурасында Үйлестіру кеңесі отырысында әкімшілік соттың судьялары, ІІД-нің, әділет, облыс әкімдігінің және өзге де  мүдделі органдардың басшыларының қатысуымен әкімшілік істер бойынша уәкілетті органдарының құқыққолдану тәжірибесіндегі заңдылығының жағдайы талқыланды.

Осы уақытта облыс аумағында 108 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Жалпы айыппұл сомасы 1 млрд. теңгені құрайды, 31 мыңнан астам  ескерту берілген.

Павлодар прокурорлары уәкілетті органдарының құқыққолдану тәжірибесіне талдау жасады, олардың жұмысында жүйелі мәселелер мен көптеген кемшіліктер анықталды.

Ағымдағы жылдың 9 қаңтарында заңды күшіне енген «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы процессуалды нормаларды жүйелендіруге және әкімшілік заңнаманы ізгілендіруге бағытталған бірқатар түзетулер көздеген.

Соған қарамастан, уәкілетті органдар хаттаманы құрастыру кезінде күші жойылған заң нормаларын қолдануды немесе жаңа заң нормаларын қате қолдануды жалғастыра отырып, жауапқа тартылған тұлғалардың құқын бұзуда.

Мысалы, лауазымды тұлғалармен айыппұл соммасын 50%-ға қысқарту қолданылмаған.

Ағымдағы жылдың 29 наурызында Павлодар облысының жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторымен ЖК Л.В.Худикке қатысты ӘҚБтК 136 бабы бойынша әкімшілік іс қаралған және 100 АЕК (240 500 теңге) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Жауапқа тартылған тұлға өзінің кінәсін толық мойындаған, бірақ оған әкімшілік айыппұлды қысқартылған өндіріс тәртібінде төлеу туралы түбіртек берілмеген.

Осыған ұқсас бұзушылықтар 10 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты жол берілген.

Сонымен қатар, әкімшілік істерді қозғаған кезде олардың қайталанып жасалауын ескермеу деректері анықталды.

Көрсеткішке қол жеткізу мақсатында полиция қызметкерлері іс әрекетке қабілетсіз азаматтарға қатысты хаттама құрастырған.

Сонымен, ағымдағы жылдың ақпанында Павлодар қаласының ЖПҚ инспекторымен, ит және мысықты күту мен аулаға шығару ережесін бұзғаны үшін  Биляловаға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық ісі қозғалған, сол күні ол ескерту түрінде әкімшілік жауапқа тартылған.

Ал әкімшілік іс жүргізу материалдарында, соттың Билялованы іс әрекетке қабілетсіз деп тану туралы мәліметі бар.

Ұқсас бұзушылықтар 2 әкімшілік материал бойынша анықталды.

Анықталған заң бұзушылықтардың арасында әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамаларда бұрмалаушылық деректері; біріктірілген істер бойынша айыппұлды дұрыс тағайындамау; уәкілетті емес лауазымды тұлғалардың әкімшілік құқықбұзушылық туралы қаулы қабылдауы кездеседі.

Сонымен, әкімшілік заң нормаларын дұрыс қолдана білмеудің нәтижесінде, азаматтардың конституциялық құқығы ғана бұзылмайды, сонымен қатар әкімшілік заңнаманы ізгілендіру үшін қолданылатын мемлекеттік шараларға да қайшы келеді.

Үйлестіру кеңесі отырысы барысында, мемлекеттік және құқық қорғау органдары, соттар, қалыптасқан жағдайды өзгерту үшін құқыққолдану тәжірибесінде кездесетін мәселелерді атап өтті. Оларды шешу жолдары бірлесіп талқыланды және әкімшілік өндіріс орбитасына тартылған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған жұмысты тиімді ұйымдастыру пысықталды.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

 

Павлодар облысының прокуратурасы

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу