Құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінде кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды

27 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінде кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу  мәселелері қаралды - 1612965025

 

Құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінде

кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу

мәселелері қаралды

 

Ағымдағы жылдың 26 ақпанында Павлодар облысының прокуратурасында облыс әкімінің орынбасары, денсаулық сақтау, білім беру басқармалары және полиция органдары өкілдерінің қатысуымен құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінің 2019 жылы уәкілетті органдардың алдын алу жұмысы, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың сот-тергеу тәжірибесінің жай-күйі мәселелері бойынша отырысы өтті.  

Аталған тақырыптың өзектілігі соңғы 2 жылда жыныстық тиіспеушілікке қарсы құқық бұзушылықтардың өсу салдарынан туындады.

Прокурорлық тексерулердің нәтижелері кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың, сондай-ақ ювеналдық полицияның жұмысы қойылған міндеттер мен мақсаттарға толық көлемде жауап бермейтініне куәландырады.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері осы саладағы қылмыстардың алдын алу үшін аталған проблемаларды шешу жолдарын өзгерту және құқық қорғау органдарының, білім беру және медициналық мекемелердің күш-жігерін біріктіру қажеттігін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарды тергеу кезінде құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыру және алдын алу іс-шараларын жандандыру бойынша бірқатар шешімдер қабылданды.