«Қытайлық аулар» заңға қайшы

20 қыркүйек 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Қытайлық аулар» заңға қайшы - 1251633586

Павлодар облысы табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы Качир ауданы Байқоныс ауылдық округіндегі Ертіс өзені алқабында пайдалануға  тыйым салынған 1,2 км балық аулайтын ауларды тауып тәркіледі.

Жыл сайын  тыйым салынған ауларды пайдалану фактілері бойынша кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұған Ақсу, Павлодар, Екібастұз қалаларында базарлар мен дүкен сөрелерін жаулап алған арзан қолды «қытай аулары» себеп болып отыр.

Жағдайды түзету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметіне заңнама деңгейінде өзгертулер енгізу қажет болды.

2017 жылғы 15 маусымда  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 3-тармағына Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған балық ресурстары мен өзге де су жануарларын аулауға арналған құрылғыларды еркін сатуды жүзеге асыруға тыйым салу туралы жаңа норма енгізілді.

Бұл норма енгізілгеннен кейін «қытай ауларын» сатуға тыйым салынды.

Аталған норманы бұзған үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 196-бабы бойынша ішкі істер бөлімімен  әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Павлодар облысының табиғат қорғау прокуроры Дәурен Кененбаев атап өткендей,  жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, жергілікті полиция қызметі тыйым салынған балық аулау құрылғыларын  заңсыз сату фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша тиісінше жұмыс жүргізген жағдайда қолдан жасалған балық аулау құралдарымен және «қытай ауларымен» күрес проблемасын түбірімен жоюға болады. 

Осыған орай  Павлодар облысы ІІД жергілікті полиция қызметінің осы бағыттағы жұмысы күшейтілді. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу