Облыс прокуратурасының алқа отырысында балалардың құқықтарын өрескел бұзу мәселесі талқыланды

05 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Облыс прокуратурасының алқа отырысында балалардың құқықтарын өрескел бұзу мәселесі талқыланды - 316078772

 

Облыс прокуратурасының алқа отырысында балалардың құқықтарын өрескел бұзу мәселесі талқыланды

Алқа отырысында облыстың білім беру, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде кәмелетке толмағандардың құқықтарын сақтау мәселесі бойынша прокурорлық тексерудің қорытындылары айтылды.

Алқа жұмысына облыс әкімінің орынбасары А.А. Арынова, уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Тексеру нәтижелері білім беру және әлеуметтік маңызы бар мекемелердегі балалардың құқықтарының өрескел бұзушылықтарды көрсетті.

Мысалы, «Облыстық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету психоневрологиялық орталығы» КММ ғимараты қала құрылысы нормалары мен өртке қарсы стандарттарды бұза отырып орналасқандығы анықталды.

«Өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау аймақтық орталығы» КММ-де тәрбиеленушілердің конституциялық құқықтарын бұзу фактілері анықталды.

Сондай-ақ тексеру көрсеткендей, ауылдық мектептерде оқушылар әлі күнге дейін көше дәретханаларын пайдаланады, мектептер бейнебақылаумен жабдықталмаған, білім беру мекемелері санитарлық нормаларды сақтамайды, аталған мекемелерде балалар сапасыз тамақ ішеді. Уәкілетті органдар білікті кадрларды іріктеу ережелерін ескермейді.

Алқа отырысында кәмелетке толмағандарға қарсы, оның ішінде жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың өсуі де атап өтілді.

Аталған барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Оқушылар арасындағы криминалдық субмәдениетті танымал ету мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.

Алқаның қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді, жергілікті атқарушы органдардың атына заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынулар енгізілді, облыс прокуроры нақты мерзімдерді белгілей отырып, нақты нұсқаулар берді.