Облыс прокурорларын «Ертіс өзені алқабы» табиғи қорығының жай-күйі алаңдатуда

31 қазан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Облыс прокурорларын «Ертіс өзені алқабы» табиғи қорығының жай-күйі алаңдатуда - 1947405414

Облысы прокурорының орынбасары Р.Қаймолдин ведомствоаралық кеңесте «Ертіс өзені алқабы» мемлекеттік табиғат қорығының аумағында туындап отырған жағдайларды түзетуге бағытталған  шұғыл шаралар кешенін әзірлеу және тиісінше өзара іс-қимыл қажеттігін атап өтті.

Табиғат жүйесін сақтау және қоршаған ортаның тиісті сапасын ұстану мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі болып табылады, - деп пікірін білдірді Дәурен Кенбаев.

Екі жыл аралығында браконьерлер 168 текше м. көпжылдық ағаштарды кесіп алған.

Облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында 2016 жылы 101орман өрті орын алса, осы жыл басынан бастап 117-ге дейін өсті.

Ерекше қорғалатын табиғат аумақтары тәртібін қамтамасыз ету бойынша уәкілетті органдардың қызметіндегі бірқатар жүйелі проблемалар да анықталды.

Әсіресе, ауылшаруашылық жануарларын алқап аумақтарында  заңсыз бағу, өз еркімен құрылыс салу, егіндік және мал айдамы үшін жерлерді басып алу, тұрмыстық қатты қалдықтарды қаттау, заңсыз балық аулау.   

Прокурорлар ішкі істер органдары және жергілікті полиция қызметі тараптарынан құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша жұмыстардың нашар ұйымдастырылғанын да атап көрсетті.

 Кеңес барысында «Ертіс өзені алқабы» мемлекеттік табиғат қорығы аумағының жай-күйі туралы слайдтар, фотосуреттер, сондай-ақ бейнетүсірілімдер көрсетілді.

Талқылау қорытындысы бойынша Павлодар облысының әкімін мемлекеттік қорық аумағындағы жағдай туралы ақпараттандыру қажет деп шешілді.

Облыс прокурорларын «Ертіс өзені алқабы» табиғи қорығының жай-күйі алаңдатуда - 938659238
Облыс прокурорларын «Ертіс өзені алқабы» табиғи қорығының жай-күйі алаңдатуда - 4831600

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу