Павлодар қаласы прокуратурасы азаматтардың құқығын қорғады

28 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Павлодар қаласының прокуратурасы «Светлый двор» ЖШС  өкілдерінің жарықтандыру жүйесін өз беттерімен орнату фактісі бойынша бақылауға алынған аймақта мемлекеттік органдардың  тұрғын үй заңнамасын сақтауларына талдау жүргізді.

Аталған серіктестіктің  қаладағы көп пәтерлі 14 тұрғын үйге қызмет көрсететіні анықталды. Компанияның тарифіне  3500 теңге көлеміндегі бір жолғы төлем және сервистік қызымет үшін айына 150 теңге абонентік төлем кіреді.

Сонымен қатар тұрғындар мен басқару органының  келісімінсіз барлық қызмет көрсетілетін үйлерге  жарықтандыру жүйесі қосылған.

 

Мысалы,  Суворов көшесі, 39 үйдің барлық  4 подьезіне жарықтандыру жүргізілген. Осыған ұқсас фактілер қалған 10  тұрғын үй бойынша да анықталды.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес , пәтерлердің меншік иелері    кондоминиум обьбектісін басқару және күтіп ұстауға қатысты барлық мәселелерді жалпы жиналыста қарастырады және шешім қабылдайды.

Заңға сәйкес үй-жай меншік иелерінің жиналысында тұрғын үйді ( тұрғын үй ғимаратын) өзгерту (ұлғайту, жаңарту, техникалық қайта жарақтандыру,  қайта құру, қалпына келтіру, күрделі жөндеу), сондай-ақ  қызмет көрсету субьектісінің қызыметін таңдау және(немесе) одан бас тарту мәселелері міндетті түрде қаралуға және мақұлдауға   жатады.

Жиналыс кондоминиум обьектісі басқару органының бастамасымен, сондай-ақ үй-жай (пәтер) меншік иелерінің оннан кем емес бөлігінің талап етуімен  жүргізіледі.

Талдау барысында  бұл тәртіптің бұзылғаны анықталды.

Бұдан басқа,  дауыс беру нәтижесі үй-жай (пәтер) меншік иелерінің  жиналысында шығарылады.  Шешімге үй-жай (пәтер) меншік иелерінің жартысынан көбі дауыс берген кезде  шешім қабылданды деп саналады.

Алайда тұрғындардың қарсы сауалнамасында  пәтер меншік иелерінің үштен екісінен көбі  жарықтандыру жүйесінің орнатылуына қарсы екендіктерін білдірді.

Тұрғын үй заңнамасымен анықталған заң бұзушылықтар бойынша қала прокуратурасы «Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы» ММ-нің басшысының атына «Светлый двор» ЖШС  қызметтерін шот-түбіртектерден  алып тастау туралы  мәселе қойылып,  заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді.

Қортындысында 11 үй олардың қызметтерінен бас тартты.

  «Павлодарэнергосбыт» ЖШС  және «Светлый двор» ЖШС арасында 25 тамыз 2018 жылы жасалған  Шарт  бұзылды, қызметтер шот-түбіртектерден алынып тасталды.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

 

 

Павлодар облыстық прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу