Павлодар облысы прокуратурасының Құқық қорғау қызметі орталығында құқық қорғау және мемлекеттік органдар басшыларының азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылды

06 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Павлодар облысы прокуратурасының Құқық қорғау қызметі орталығында құқық қорғау және мемлекеттік органдар басшыларының азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылды - 1510448654

             Павлодар облысы прокуратурасының Құқық қорғау қызметі орталығында 2020 жылдың 05 наурызында құқық қорғау және мемлекеттік органдар басшыларының азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылды.

 

             Азаматтарға жедел құқықтық қызмет көрсету мақсатында өткізілген іс-шараға облыс прокуроры Қ.Ә. Әбдіханов, Полиция департаментінің бастығы Н.М.Мәсімов, Әділет департаменті басшысының м.а. А.К.Түктібаева, облыстың МКД басшысының орынбасары А. А. Шакирова қатысты.

 

           Қабылдауға барлығы 20-дан астам азамат жүгінді, оның 5-ін облыс прокуроры жеке қабылдады.

 

           Арыз берушілер, көбінесе, алименттерді уақтылы төлеу мәселелері бойынша жүгінді, олардың бір бөлігі сот актілерімен, сондай-ақ нақты қылмыстық істерді тергеу барысымен келіспеген.

 

            Барлық сұрақтар бойынша тиісті түсініктемелер берілді, ал жекелеген өтініштерді қадағалау органының басшысы бақылауға алды.

 

            Осындай форматтағы азаматтармен жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылығын қабылдау мүмкіндігі әр айдың бірінші бейсенбісінде ұсынылады.

 

           Орталықтың  ашылу кезінен, яғни 2018 жылдың қарашасынан бастап 1,5 мыңнан астам өңір тұрғындары жүгінген, оның ішінде 700-ге жуығына прокурорлар құқықтық көмек көрсеткен.