Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары тағайындалды

24 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурордың бұйрығымен Павлодар облысы прокурорының

бірінші орынбасары болып Жарқын Қуанышұлы Құсайынов тағайындалды.

Ж.Қ. Құсайынов 1976 жылы Алматыда дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Өзінің еңбек жолын 1993 жылы Бас прокуратура іс басқармасы кеңсесінің инспекторы қызметінен бастады.

Бас әскери прокуратура басқармасының аға әскери прокуроры, басқарманың аға прокуроры, Алматы қаласы прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары, Алматы қаласы Медеу, Әуезов аудандары прокурорының орынбасары, Бас прокуратура департаментінің бөлім бастығы, Алматы қаласы прокуратурасының басқарма бастығы, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары және прокуроры қызметтерін атқарды.  

Прокуратура органдарында еңбек өтілі - 20 жылдан астам.