Павлодар облысында бас бостандығынан айыру орнынан босатылған адамдарға 20 АЕК-ке дейін төленеді

03 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Павлодар облысының прокуратурасы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға біржолғы ақшалай жәрдемақы төлеуге қол жеткізді.

 

«Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтардың басқа санаттағы азаматтармен қатар тегін әлеуметтік көмек алуға құқығы бар деп қарастырылған.

Оңалтуға арналған жәрдемақының мөлшері 5-тен 20 айлық есептік көрсеткішке дейін. Бюджетті жергілікті атқарушы орган бөледі.

«100 нақты қадам ұлт жоспарының» 33-қадамына сәйкес Павлодар облысының прокуратурасы сотталғандарға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалау түрлерін қолдану, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орнынан босатылған адамдарды қайта әлеуметтендіру тиімділігін арттыру мақсатында  жұмыс атқаруда.

Бүгінгі күні облыстың 100-ден астам тұрғыны 1,5 млн. теңге сомасында материалдық көмек алды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу