Павлодар облысында «ӘӨБТ» жүйесі іске қосылды

12 қазан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Павлодар облысында «ӘӨБТ» жүйесі іске қосылды - 507777471

Павлодар облысының жергілікті полиция қызметі (бұдан әрі - ЖПҚ) әкімшілік хаттамаларды электронды түрде жасайды.

Мақсаты - хаттама құрудан бастап айыппұл төлеуге дейін әкімшілік процесті автоматтандыру(шектеуді алып тастау).

Электронды форматтың артықшылығы - әкімшілік өндірістің қысқартылуы(1 сағаттан 5 минутқа дейін). Жүйе ЖСН енгізуге мүмкіндік береді, автокөліктің мемлекеттік нөмірі және қажетті ақпарат автоматты түрде көрсетіледі, бұл уақытты үнемдеп, артық шығындардан бас тартуға  мүмкіндік береді.

Электрондық хаттама автоматты түрде «Әкімшілік өндірістің бірыңғай тізілімі» жүйесінде  (бұдан әрі – ӘӨБТ) тіркеледі.

Азаматтар үшін тағы бір артықшылығы - айыппұл төлегеннен кейін мемлекеттік органға түбіртек апарудың қажеті жоқ, ақпарат дерекқорға on-linе режимінде түседі.

Бүгінгі күні ЖПҚ 10 экипажы ӘӨБТ жүйесінде әкімшілік істер қозғаудың жаңа  тәсілін қолдану үшін планшеттермен жабдықталған, жыл соңына дейін тағы 140 планшет сатып алу жоспарлануда.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу