Павлодар облысында сотқа дейінгі тергеуді одан әрі цифрландыру бойынша пилоттық жоба іске асырылуда

29 қаңтар 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Павлодар облысында сотқа дейінгі тергеуді одан әрі цифрландыру бойынша пилоттық жоба іске асырылуда - 1778574018

Павлодар облысында сотқа дейінгі тергеуді одан әрі цифрландыру бойынша пилоттық жоба іске асырылуда

 

2019 жылғы 29 қарашадан бастап Павлодар облысының аумағында қағаз форматында істерді тергеуде жеке процессуалдық шешімдерді электронды түрде енгізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда.

Жобаның мақсаты процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарын қорғауды, қылмыстың жай-күйі туралы деректердің дұрыстығын қамтамасыз етуге, манипуляция, бұрмалау және т. б. фактілерді қысқартуға бағытталған.

Бүгінгі күні пилоттық жоба шеңберінде 5,5 мың шешім қабылданды, республиканың ҚСжАЕК-не пилоттық жобаны жетілдіру бойынша 46 ұсыныс жіберілді, оның 40-ы қолдау тапты.

Облыс прокуроры Қ.Ә. Әбдіханов Полиция департаментінің бастығы Н.М. Мәсімовпен бірге жұмыс сапарымен Павлодар қаласының полиция бөлімі және прокуратурасына барып, жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты. Сондай-ақ Полиция департаменті басшылығының және жұмыс тобының барлық мүшелерінің қатысуымен кеңес өткізіліп, проблемалық мәселелер талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша облыс прокуроры пилоттық жобаны сапалы жүзеге асыруға және формализмді болдырмауға бағытталған нақты тапсырмалар берді.

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу