Павлодар облысының колледждері мен университеттерінде өткен тексеріс нәтижелері бойынша мемлекетке 105 млн. теңгеден астам қаражат қайтарылды

19 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Павлодар облысының прокуратурасы облыстың техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары (колледждер) мен жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орындау бөлігінде білім беру туралы заңнаманы қолдануға тексеру жүргізді.

Тексеру барысында жалпы сомасы 160 млн. теңге мөлшерінде бұзушылықтар  анықталды.

Колледждерде мемлекеттік білім беру тапсырыстарын заңсыз орналастыру фактілері анықталды, мұнда түлектерді жұмысқа орналастыру және материалдық-техникалық жабдықтау бойынша талаптар орындалмайды.

Стипендия мен жәрдемақылар толық көлемде төленбеген, ал оқушыларды (жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға ) киіммен және тұрмыстық заттармен қамтамасыз ету тиісінше ұйымдастырылмаған.

Сонымен қатар аталған санаттағы оқушыларды тамақтандыру құқығы да бұзылған (қаржыландыру жеткіліксіз).

Басқа қалалардан келген оқушыларға оқу мекемесінің жатақханасында тұрғаны үшін заңсыз ақы төлеткен.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде және С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде оқудан шығарылған студенттер бойынша қаражатты қайтару уақытылы жүргізілмеген.

Прокуратура енгізген ұсыным бойынша мемлекетке 105 млн. теңгеден астам сома қайтарылды.

 

Павлодар облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу