Павлодар облысының прокуратурасы 2019 жылғы бірінші жартыжылдықтың жұмысын қорытындылады

06 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

                                       

 

Павлодар облысының прокуратурасы 2019 жылғы бірінші жартыжылдықтың жұмысын қорытындылады

Павлодар облысы прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысында өткен жартыжылдық қорытындысы талқыланды және алдағы кезеңге міндеттері анықталды.

Өткен кезеңде облыстың прокуратура органдары өңірдегі қылмыстылықты азайту және заңдылықты нығайту бойынша оң нәтижелерге қол жеткізгені аталып өтті.

Криминогендік жағдай жалпы қылмыстылықтың 27,7%-ға (6000-нан 4337-ге дейін) азаюымен сипатталады, соның ішінде ауырлығы орташа қылмыстар 30,8% (3912-ден  2706-ға дейін) және онша ауыр емес қылмыстар 27,2%-ға ( 760-тан 553-ке дейін).

         Облыс бойынша ұрлық саны 34%-ға ( 3368-ден 2201-ге дейін) азайған.

         Цифрландыруды дамыту бағдарламасы аясында электрондық форматта 1 664 қылмыстық іс тергелді.

         Қылмыстық процестің  сотқа дейінгі сатысында бюджетке 415 480 414 тг. өтелді, бұл қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша мемлекетке келтірілген  залалдың  жалпы сомасының  73,7% құрайды.

         Қоғамдық мүддені қорғау желісі бойынша қадағалау шеңберінде есептік кезеңде прокурорлар 565 мыңнан астам азаматтың құқықтарын қорғады, мемлекет кірісіне 530 млн. теңгеден астам сома өндірілді, 869 млн. теңгеден астам соманың мүлігі қайтарылды.

         Жер қатынастары саласында 2019 жылғы 6 ай ішінде  жалпы кадастрлық құны 9,4 млрд. теңгеден астам, жалпы ауданы 660 мың га. пайдаланылмайтын 917 жер учаскесі анықталды.

         Мемлекет меншігіне жалпы  кадастрлық құны 1 млрд. теңгеден астам жалпы ауданы 74,7 мың га. 146 учаске қайтарылды.

Жазаларды орындау заңдылығын қадағалау желісі бойынша қабылданған шаралар арқылы сотталғандарды жұмысқа орналастыру 85,08%-ға  дейін көтерілді.

         «Түрме халқының» жалпы саны 1997-ден 1585-ке дейін, яғни 20,6%-ға азайды.

         Жүргізілген үйлестіру жұмыстарының нәтижесінде дене мүшесіне зақым келтіру 55 %-ға (18-ден 5-ке дейін), сотталғандар арасында құқық бұзушылықтар 22,6%-ға (203-тен 157-ге дейін) түсті.

Құқық қорғау қызметтері орталығында прокуроры 664 азаматты жеке қабылдады.

Алқа қорытындысы бойынша алдағы кезеңге жұмыс басымдылықтары анықталды.

 

Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу