Павлодар облысының прокуратурасында Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатарымен кездесу өтті

09 қаңтар 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Павлодар облысының прокуратурасында Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатарымен кездесу өтті - 983815499

Алдымен облыс прокуратурасы басшылығының сенаторлар М.Кубеновпен және Н.Нұрсипатовпен, сондай-ақ Павлодар облысы маслихатының хатшысы Б. Бексейітовамен кездесуі өтті.

Кездесуде сенаторлар құқық қорғау механизміне және қылмыстардың жеке санаттары бойынша жазаны күшейтуге баса назар аудара отырып, Мемлекет басшысының қыркүйек айындағы халыққа жолдауында көрсетілген тапсырмаларын орындау маңыздылығын атап өтті.

Облыс прокуроры Қайрат Әбдіханов ел басшылығының және Бас Прокурордың тапсырмаларын орындау шеңберінде қабылданған шаралар туралы, сондай-ақ облыстағы криминогендік және қоғамдық-саяси жағдай туралы сенаторларға мәлімдеді.   

Бұдан әрі мәжілісмендер М. Магеррамовпен жәнеН. Микаелянмен кездесу өтті.

Облыс прокуратурасының жеке құрамына депутатар заң шығармашылығындағы жұмыс үдерісі, қылмыстық және қылмыстық-процестік кодекстердегі сексуалдық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткіні таратқан, адам саудасы, әйелдерге қарсы тұрмыстағы зорлық, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде көлік құралын жүргізгені үшін жазаны күшейтуге қатысты жаңа енгізулер туралы айтты.   

Сонымен қатар талқылау барысында прокуратура қызметкерлері мәжісілмендерге атқарушы, әкімшілік және азаматтық өндіріс саласында сұрақтар қойды.

Кездесу соңында облыс прокуроры депутаттарға алғысын білдірді және осындай кездесулер өзекті мәселелер бойынша тікелей сұхбаттасуға және ақпаратпен алмасуға жағдай жасайтындықтан, олардың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде депутаттар прокуратура қызметкерлерінің прокуратура туралы заңнаманы және қылмыстық сот ісін жүргізуді жетілдіру мәселелері жөніндегі бірқатар ұсыныстарын назарға алды және жаңа жылда Павлодар облысы прокурорларының қадағалау қызметіне табыс тілеп, жылы қарсы алғаны үшін облыс прокуратурасының ұжымына  алғыс білдірді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу