Павлодар облысының прокуратурасында Конституция күнін атап өтті

02 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Павлодар облысының прокуратурасында Конституция күнін атап өтті - 332820415

2019 жылдың 29 тамызда Павлодар облысының прокуратурасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты отырыс өтті.

Қазақстан Конституциясы – мемлекет пен қоғамның жұмыс істеуінің қажетті базалық шарттарын айқындайтын негіз қалаушы нормалар мен институттар бекітілген елдің символы және басты саяси-құқықтық құжаты.

Облыс прокуроры Қайрат Әбдіханов әріптестерін мерекемен құттықтай отырып, Конституцияның тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы тарихи маңызын, елдегі маңызды әлеуметтік-экономикалық реформалардың қорытындыларын, прокуратура органдарының конституциялық заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті.

Облыстың прокуратура органдарының бірнеше қызметкері мінсіз қызмет пен өз міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін мереке құрметіне облыс прокурорының бұйрығымен және «Мінсіз қызмет үшін» ведомстволық медалімен марапатталды.

Сонымен қатар салтанатты түрде жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі өтті.

Облыс прокуроры жас әріптестерін жылы лебізімен құттықтап, прокуратура органдарының алдында тұрған жауапты міндеттерді одан әрі орындауда табыс тіледі.

Облыс прокуроры іс-шараны қорытындылай келе, барлығына мықты денсаулық, бейбітшілік, келісім және өркендеу тіледі.

 

 

 

Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу