Павлодар облысының прокурорлары азаматтардың құқығын қорғады

12 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Павлодар облысының прокурорлары азаматтардың құқығын қорғады - 727302227

Талдау барысында Ақтоғай ауданының прокуроры ауыз суын сату тарифін белгілейтін құжаттың заңға сәйкес келмейтінін анықтады.

Талдау Ақтоғай ауданында 14 КБМ (құрама блок модульдер) бар екенін, олардың ішінде 2015 жылдан бері 9,5 мыңнан астам тұрғын суды сатып алатынын көрсетті.

Өткен жылдың басынан бастап ауыл тұрғындары ТКШ басшысының бұйрығы негізінде блок модульдерден суды литріне бір теңгеден сатып алған.

Алайда «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес аумақтық бөлім басшысы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерді шығаруға құқығы жоқ.

Сонымен қатар бұйрық қоғамдық кеңеспен келісілмеген, жарияланбаған және әділет органдарында тіркелмеген.

Сондай-ақ белгіленген баға тарату желілеріндегі судың құнынан бірнеше есе жоғары болды.

Аудан прокуратурасының ұсынуы бойынша жасалған талдау нәтижелері негізінде заңсыз бұйрық жойылды.

Қазіргі уақытта тұрғындардың шығындарын өтеу үшін құрама модульдерден су тегін беріледі.

Осы сияқты Аксу қаласының прокуроры табиғи монополия субьектісінің 10 миллионнан астам сомаға тарифтік сметада бекітілген шығын баптарын орындамағанын анықтады.

Прокурор облыстың Табиғи монополияларды реттеу департаментіне қадағалау актісін енгізді.

Прокурорлық актіні қарау нәтижесі бойынша табиғи монополия субьектісі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 164-бабының 4-бөлігі бойынша (табиғи монополиялар субъектісінің табиғи монополиялар туралы ҚР заңнамасында белгіленген міндеттемелерді орындамауы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта Ақсу өңірі аумағында табиғи монополия субьектісінің 19 мыңнан астам тұтынушыға келтірген шығынының орнын толтыруға мүмкіндік беретін өтемдік тариф енгізілді. Сонымен бірге үнемдеу сомасы шамамен 3,5 миллион теңгені құрайды.

Осыған ұқсас жұмыстарды Екібастұз қаласы мен Май ауданының прокурорлары жүргізді.