Павлодар облысының прокурорлары сотталған мүгедектердің құқықтарын қорғады

22 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Павлодар облысының прокуратурасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазаларын өтеп жатқан мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша тексеріс жүргізді.

АП-162/3 мекемесінде жарақат алып, өздігінен қозғала алмайтын 1975 жылы туған, сотталған А.В. Иванов жазасын өтеп жатқаны анықталды.

Сонымен бірге мүгедектігі белгіленбеген, осыған сәйкес ол мемлекет тарапынан әлеуметтік көмектен айырылған.

Прокурорлық ден қою актсі бойынша мекеме әкімшілігі А.В. Ивановқа медициналық тексерістен өтуді қамтамасыз етіп, 40 мың теңге көлемінде жердемақы төлене отырып, мүгедектіктің бірінші тобы берілді.

        Қазіргі уақытта А.В. Иванов жазасын бас бостандығын шектеу секілді жеңіл түрге ауыстыруға байланысты бас бостандығынан айыру орынынан босатылды.

        Одан басқа тексеріс нәтижесі бойынша тағы сегіз сотталған мүгедекке қатысты жедел мерзімінен бұрын босату туралы қолдаухатпен жүгіну құқықтарының өту мерзімі заңнамаға сәйкес қалыпқа келтірілді.

 

 

Павлодар облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу