Павлодарлық прокурорлар бұрынғы сотталушыларға жеке бизнес ашуға көмектеседі

08 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Павлодарлық прокурорлар бұрынғы сотталушыларға жеке бизнес ашуға көмектеседі - 1818955551

Павлодар қаласының прокуратурасы «Бір терезе принципі бойынша»  жобасын кеңейту шеңберінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға жеке бизнес ашуға көмек көрсету ісіне бастамашылық етті.

Бизнес субъектілерін қолдау бойынша мүмкіндіктерді  түсіндіру үшін прокурорлары «Даму орталығы» АҚ  РФ өкілдерін  шақырды.

Өз бизнесін ашу, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру бойынша сұрақтарға толық жауап берілді, 2017-2018 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының ережелері түсіндірілді. «Даму» қорының кепілдігімен сыйақы мөлшерлемесі 6% -дан аспайтын несие беру мүмкіндігіне ерекше назар аударылады.

Кездесу кезінде бас бостандығынан айыру орындарынан  шыққан 7 адам қабылданды. Жаңадан келгендердің үшеуі қазірдің өзінде жеке бизнесімен айналысады, олардың төртеуі кәсіпкерлік бизнесті ашқысы келеді. Бұрынғы тұтқындардың бірі былғары бұйымдарын жасағысы келсе,  бірі өз шаштаразы мен дүкеніні ашқысы келетінін білдірді.

Осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізу жоспарланып отыр. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу