Пилоттық жобаны іске асыру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары М.М. Ахметжановтың қатысуымен жұмыс кеңесі

07 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Пилоттық жобаны іске асыру мәселесі  бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары М.М. Ахметжановтың қатысуымен жұмыс кеңесі    - 1869936690

2020 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары М.М.Ахметжанов облыстың сот төрағаларының, прокуратура және полиция қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңесте облыстың судьялар корпусына қылмыстық процесті  цифрландыру кезеңдерінің бірі болып табылатын, қағаз жүзінде тергелетін істер бойынша жеке процессуалдық шешімдерді электрондық жүргізу бойынша пилоттық жоба таныстырылды.

Бас Прокурордың орынбасары М.М. Ахметжанов жеке іс жүргізу шешімдерін электронды түрде енгізуге байланысты судьялардың сұрақтарына жауап берді.

Жобаның мақсаты процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, сотқа дейінгі тергеуді жедел қадағалау, тергеушінің жұмысын оңтайландыру, қылмыстың жай-күйі туралы деректердің нақтылығы, манипуляция мен бұрмалау фактілерін болдырмау болып табылады.

Өткен жылдың қараша айында басталған жоба 2020 жылдың 31 наурызында аяқталады.  

Жобаны сәтті іске асыру қорытындысы бойынша оны Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тарату жоспарланып отыр.