Прокуратура азаматтарды еңбек құқығы саласындағы бұзушылықтар туралы хабарлауға шақырады

11 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Прокуратура азаматтарды еңбек құқығы саласындағы бұзушылықтар туралы хабарлауға шақырады - 90330587

Облыс прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бойынша жұмыс жүргізуде.

Еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті жұмыс берушіге жүктеледі.

Сонымен қатар еңбек қызметі процесінде адам өмірі мен денсаулығына зиян келтірген жазатайым оқиғалардың болу фактілері орын алған.

 Көбінесе, жазатайым жағдайлар жұмыс берушінің кінәсінен болады, олардың ішінен жауапсыздары бұндай оқиғаларды жасыруға тырысады, сөйтіп, заңда көзделген жауапкершіліктен қашады және зардап шеккен жұмыскерлерге қарастырылған төлем берілмейді.

Осыған ұқсас фактілерді болдырмау үшін, өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан құқықтары бұзылған жұмыскерлердің облыс прокуратурасына немесе 31-50-67 телефоны бойынша хабарласуларын сұраймыз.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу