Прокурордың шаралары бойынша тұрғын үйдің ақысы 2 есе азайтылды.

02 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Прокурордың шаралары бойынша тұрғын үйдің ақысы 2 есе азайтылды. - 857862286

Баянауыл ауданы прокурорының жергілікті халықпен кездесуі барысында әкімдіктің ай сайынғы тұрғын үйді жалға алу ақысын көтергені анықталды.

ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы агентігінің (26.08.2011ж. №306) бұйрығымен бекітілген формула негізінде есеп айырысу жүргізгені анықталды, бұнда 50 жыл ғимарат элементтерінің қызмет мерзімі негізге алынған және бұл жалға алу құнына айтарлықтай әсер еткен.

Аудан прокуратурасының ұсынуын қарау нәтижесі бойынша әкімдік ай сайынғы жалдау құнын екі еседей азайтып, барлық ғимараттың  85 жыл қызмет мерзімін ескерумен қайта есеп айырысу жүргізді.

Мәселен, егер бір бөлмелі пәтерді жалға алу ақысы айына 11 021 теңге болса, прокуратураның араласуынан кейін 6000 мың теңгеге дейін төмендетілді.

Бұл ретте тек бір ғана 24 пәтерлік тұрғын үйде әлеуметтік осал топтар санатына жататын тұлғалар тұратынын атап өткен жөн, яғни көп балалы отбасылар, жетім балалар, жалғыз басты аналар және бюджет саласындағы жұмыскерлер (барлығы 49 пәтер, онда 146 адам тұрады), олардың табыстары айына 60 000 теңгеден аспайды, ал бекітілген жалға алу төлемі олар үшін «ауыр» болып табылады.

Қазіргі уақытта  ауданда 146 азамат прокуратураның көмегімен жалға алу ақысын аз төлеу мүмкіндігін алды.

 

 

Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу