Прокурорлар Ертіс ауданда ашық және жөндеу жұмыстарын қажет ететін 125 люкті анықтады.

22 қыркүйек 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Прокурорлар Ертіс ауданда  ашық және жөндеу жұмыстарын қажет ететін  125 люкті анықтады.  - 948374509

Су бұру және сумен жабдықтау жүйесін тиісінше пайдалану, жөндеу және қызмет етуді талдау барысында  Ертіс ауданының прокуратурасымен 125-тен астам ашық және жөндеуді қажет ететін кәріз люктері мен құдықтар анықталды.

Люктер мен құдықтар көбі әлеуметтік объектілердің, дүкендер, дәріханалардың  жанында орналасқан.

№ 1 ЖОБМ, № 3 ЖОБМ, № 21 агротехникалық колледжі, дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ДСК), «Оқушылар үйі» МКҚМ, «Нотариус», № 3 ЖОБМ интернаты («Жалын» балар-жасөспірім кешені ), Ауған жауынгерлері ескерткіші жанында ашық люктер бар, бұған жол берілмеуі тиіс және оның салдары ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін.  

Жабылмай қалған немесе жартылай жабық люктер балалар үшін ең үлкен қауіп- қатер болып табылады. Кәріз люктері адамдар  өміріне  қауіп төндіруі мүмкін,  сонымен қатар әр түрлі  газдарды (пропан, күкіртті сутек және  көмір қышқыл газ) жинаушы болып табылады..

Люктер мен құдықтардың баланс ұстаушысы болады, ол Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы «Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № 163 бұйрығының 34 тармағына сәйкес азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп тудырмайтын тиісті шаралар қабылдауға міндетті («ТҮКШ  ЖК және АЖ» ММ және ЖШС «Ертіс комсервис»).

Аудан әкімшілігіне прокуратурамен заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс  енгізілгеннен кейін, анықталған заң бұзушылықтар жойылды.

«Ертіс-Комсервис» ЖШС басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу