Прокурорлар Павлодар облысында ұрлықтың арту себептері мен олардың алдын алу әдістерін атап өтті

27 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгінгі күні Павлодар облысының прокуратурасында бөтеннің мүлкін заңсыз жасырын иемденумен, сондай-ақ оның алдын алумен байланысты қылмыстарды тергеу және ашу заңдылығының жағдайы талқыланған алқа отырысы өтті.

Отырысқа облыс әкімінің орынбасары, Павлодар қаласының әкімі, қалалар мен аудандар прокурорлары, барлық аумақтық ішкі істер органдары мен жергілікті полиция қызметінің бастықтары қатысты.

Мүлікті заңсыз жасырын иемденуге қарсы іс-әрекет мәселесін қарау себебі прокуратураның талдауы болып табылады, оның барысында өңірдегі ұрлық 12,5%-ға артқаны байқалған. Бұл ретте, қалтадан ұрлау (45,7%-ға артқан), ұялы телефондарды ұрлау (10,4 %-ға артқан), сондай-ақ түсті металдарды ұрлау (66,6%-ға артқан) басым болып табылады.

Қалыптасқан жағдайлар себептерінің бірі құқық қорғау органдары жұмысы тиімділігінің төмен болуы болып табылады.

Мысалы, жергілікті полиция қызметіне жаяу патруль бағдарын құрастыру кезінде «Қылмыстық құқық бұзушылықтар карталары» мүмкіндігін пайдалану ұсынылған.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» порталын пайдалану өңірдегі криминогендік жағдайды бақылауға және қадағалауға, сондай-ақ ең криминогендік учаскелерді анықтауға мүмкіндік береді.

Отырыс барысында мемлекеттік органдар тарапынан қалай болса, өңір тұрғындары тарапынан да солай, жеке мүлікті қорғауға қатысты қабылданатын алдын алу шаралары талқыланды.

Прокуратура тергеуді көпке созушылық, заңсыз іс жүргізу шешімдерін қабылдау, мүліктің криминалдық сипатсыз жоғалуы кезінде материалдарды негізсіз тіркеу, сондай-ақ қылмыстарды есепке алудан жасыру фактілерін анықтағандықтан, ішкі істер органдарының қылмыстарды тергеу сапасы мәселесіне ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындылары бойынша құқық қорғаушы органдар қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ алдын алу іс-шараларын белсендіру жөніндегі шешімдер қатары қабылданды.

 

Павлодар облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу