Шарбақты ауданының прокурорлары құрамында сынап бар шамдардың дұрыс емес кәдеге жарату фактілерін анықтады

20 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шарбақты ауданының прокуратурасымен қауіпті қалдықтардың айналысының заңдылығы жағдайына талдау барысында мектептерде заңға қайшы сақталған аудан білім беру мекемелерінде 3 мыңға жуық құрамында сынап бар шамдар анықталды.

Атап айтқанда сынап және оның қосындысы уыттылығы жоғары бар зат деп саналып адам ағзасына теріс әсерін тигізеді.

Осылайша ауданның 17 мектебінде 1,5 мыңнан астам оқушы, ұстаз және техникалық қызметкерлер тәуекел аймағына ұшыраған.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде білім беру мекемелерінен Павлодар қаласының арнайы кәсіпорынмен одан әрі кәдеге жарату үшін қолданыс мерзімі шыққан 5 мыңнан астам құрамында сынап бар шамдар орталықтандырылып шығарылды.

Анықталған бұзушылықтар үшін аудан білім бөлімінің лауазымды тұлғасы тәртіптік жазаға тартылды.

 

Павлодар облысының прокуратурасы

 

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу