Табиғат қорғау прокуроры жол бойындағы жасыл желектер аймағын ұлғайтуды ұсынды

02 қазан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Биылғы жылы ауаға шығарылатын қалдық заттардың уыттылығы нормаға сәйкес келмейтін 1,8 мыңнан астам автокөлік құралдары анықталды. Бұл жайлы Экологиялық облыстық Кеңестің кезектен тыс отырысында  сөз қозғалды.   

 

Өткен аптада «Павлодар қаласында атмосфералық ауаға автокөлік құралдарының әсері» мәселесі бойынша Экологиялық Кеңестің кезектен тыс отырысы өтті.

Талдау барысында 2 жылдан астам уақыт бойы қаланың атмосфералық ауасына қалдықтардың шығарылуы артқаны байқалды.

Ағымдағы жылы облыс орталығының техникалық бақылау станцияларында ішкі жану қозғалтқыштарынан ауаға жіберілетін газ қалдықтары уыттылық нормасына сәйкес келмейтін 1 847 бірлік автокөлік құралы анықталды.

Бұған жеке және заңды тұлғалардың автомашиналарының көбеюі, жанар-жағармай сапасының төмен болуы, қозғалтқыштарының және жылу беру жабдықтарының тозуы себеп болып отыр.

Отырыста жанар-жағармайдың балама түрі – табиғи газға көшу аспектісі де қарастырылды.

Павлодар облысының табиғат қорғау прокуроры Дәурен Кененбаевтың жол бойында жасыл желектерді көптеп өсіру туралы ұсынысына қолдау көрсетілді.

 

Сонымен қатар прокурор автомобильдердің пайдаланылған газды шығаратын құбырларын бейтараптандырғыштармен жабдықтау мүмкіндігін атап өтті, бұл ауаға шығарылатын газдың уыттылығын азайтуға жағдай жасайды.

 

 

Табиғат қорғау прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу