Тағайындау туралы

13 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Тағайындау туралы - 1010018405

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен әділет кеңесшісі Ерлан Маратұлы Салханов Павлодар облысы табиғат қорғау прокурорының лауазымына тағайындалды.

Е.М. Салханов 1982 жылында туылған. Қазақ гуманитарлық заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2004 жылы бастады.  Павлодар облысы Ертіс және Успен аудандары прокурорларының көмекшісі болып қызмет атқарды.

Павлодар облысы және Нұр-Сұлтан қаласы прокурорларының көмекшісі, аға көмекшісі лауазымдарында жұмыс істеді.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының көмекшісі болып қызмет атқарды.

Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 15 жылдан астам.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу