Тереңкөл ауданының прокуратурасы заңсыз мемлекеттік сатып алудың алдын алды

17 маусым 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Тереңкөл ауданының прокуратурасы заңсыз мемлекеттік сатып алудың алдын алды - 1401994618

         Тереңкөл ауданының прокуратурасы «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» КММ-нің қызметінде мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезіңдегі заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді.

         Конкурс ұйымдастырушысы «Федоров ЖООБМ» ММ үшін 4 млн. теңге сомасына жаңа модификациялы химия кабинетін сатып алуды жариялағаны анықталды.

         Алайда «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-бөлігін бұза отырып, сатып алынатын тауар олардың біртекті түрлері бойынша лоттарға бөлінбеген. Яғни, конкурс ұйымдастырушысы бір конкурс арқылы жиһаз өнімдерін, жеңіл өнеркәсіп пен компьютерлік техниканы сатып алуды жоспарлаған, ал бұған жол берілмеуі тиіс.

         Аталған факті бойынша аудан әкімінің атына ұсыну енгізілді. Қадағалау актісі бойынша оқу кабинетін заңсыз сатып алудың күші жойылды.

         Қазіргі уақытта сатып алудың ұйымдастырушысы бұзушылықтарды жою және конкурстық құжаттаманы заңнама нормаларына сәйкес келтіру бойынша шаралар қабылдауда.

Тереңкөл ауданының прокуратурасы заңсыз мемлекеттік сатып алудың алдын алды - 1733228822