Төтенше жағдай режимі аяқталды, карантиндік шектеулер сақталады

21 мамыр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Төтенше жағдай режимі аяқталды, карантиндік шектеулер сақталады - 699791835

Ақсу қаласының прокуратурасы жақын және алыс шетелден келген және үйдегі карантиндегі  адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексерді.

Осы санаттағы азаматтардың қала ішінде еркін жүріп, оқшаулау ережелерін бұзу фактілері анықталды.

Рейдтік шаралардың нәтижелері бойынша үйдегі карантин режимін бұзған 7 қала тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осыған байланысты Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының атына  Ұсыныс жасалды.

Қазіргі уақытта санитарлық дәрігерлер осыған ұқсас фактілерді анықтау бойынша рейдтер жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 21 мамырдағы жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырғандар саны 176 адамды құрайды.

Павлодар облысының бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 7 қаулысының талаптарына сәйкес, белгілі бір адамдар тобына үй карантині түріндегі шектеу шаралары сақталады.

Осыған байланысты облыс прокуратурасы азаматтарды карантин кезеңінде қойылған шектеулерді сақтауға шақырады.

 

Төтенше жағдай режимі аяқталды, карантиндік шектеулер сақталады - 1320707405