Ведомствоаралық кеңесте Ақсу қаласындағы қылмыстылықтын жай-күйі талқыланды

22 қаңтар 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ведомствоаралық кеңесте Ақсу қаласындағы қылмыстылықтын жай-күйі талқыланды - 1056244530

«Nur Otan» партиясының Ақсу қалалық филиалында Ақсу қаласының прокуроры Қанат Атығаевтың төрағалығымен өңірдегі 2019 жылғы қылмыс жағдайы туралы ведомствоаралық кеңес өтті. 

Отырысқа қала әкімі Б. Ж. Ыбраев, қала әкімінің орынбасары Б. М. Қаппасов, «Nur Otan» партиясының Ақсу қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.А.Қайырбаева, ауылдық округ әкімдері, полиция бөлімінің басшылығы және дербес бөлім басшылары, Ақсу қалалық ауруханасының өкілдері қатысты.

Қала прокурорының орынбасары Әсет Жүсіпов өңірдегі 2019 жылғы қылмыстық жағдайдың жай-күйі туралы хабарлады, ол тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың 30,5% төмендеуімен сипатталады, оның ішінде қылмыс 31,1%-ке, қылмыстық теріс қылық 25,8% -ке төмендеген.

Кеңес қорытындысы бойынша ауыр және аса ауыр қылмыстармен, мүліктік құқық бұзушылықтармен, есірткі қылмыстарымен және жыныстық тиіспеушілігіне, соның ішінде кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстармен күресті жандандыру бойынша бірқатар үйлестіру шаралары қабылданды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу