Заңсыз жауапкершілікке тартылған

18 маусым 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Заңсыз жауапкершілікке тартылған - 183774819

Железинка ауданының прокуратурасы 1987 ж.т. азамат М-ны заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактісін анықтады.

Бұдан бұрын бұл адам әрекетке қабілетсіз деп танылғандығы анықталды (ауру: 2-ші сатыдағы "олигофрения" диагнозымен психикалық бұзылысы бар).

Өз кезегінде, ҚР ӘҚБК 29-бабына сәйкес құқыққа қарсы әрекет жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылуға жатпайды.

Қабылданған шаралар арқылы әкімшілік жаза қолдану туралы шешімнің күші жойылып, әділет органының кінәлі лауазымды тұлғалары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.