Жазаланбауы мүмкін емес

25 қазан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ресей Федерациясы аумағында жасырынған күдікті ұсталып,  Қазақстанға жіберілді.

2016 жылы облыс орталығы аумағында жасалған қарақшылық шабуылдардың бірқатары қоғамдық резонанс тудырды. Қылмыстық топқа  қатысушылардың алтауы ұсталып, сотқа тапсырылды. Оларға 3,5 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.

Қылмыстық топқа қатысушылардың бірі қылмыс жасалғаннан кейін полициядан жасырынып, оған іздеу салынды.

Ресейдің құқық қорғау органдарының бірлесіп әрекет етуі барысында іздестірудегі қылмыскер Алтай Республикасының аумағында ұсталды. 2016 жылғы желтоқсан айында Қазақстан аумағына жіберілді.    

Күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде жасалған (20 млн теңгеден аса) қарақшылық шабуыл және жәбірленушінің өміріне қауіпті емес күш қолдану арқылы тонау ретінде сараланды. Қарастырылатын ең жоғарғы жаза - мүлігін тәркілеумен 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Қылмыстық іс аяқталып, айыпталушы сотқа тапсырылды. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу