Жеке сот орындаушыларының қызметін тексеру қорытындысы бойынша прокурорлармен мемлекет кірісіне 10 млн. теңгеден астам сома өндіріп алынды

06 қазан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Павлодар қалалық прокуратурасы 2016 жыл мен 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығында әкімшілік айыппұлдарды орындау мәселесі бойынша Павлодар облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қызметін тексеруді аяқтады.

Тексеріс барысында  Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңды бұзушылықтар анықталды.

500-ге жуық атқарушылық іс жүргізу белгіленген мерзімі бұзылып қозғалған.

8 мыңнан астам атқарушылық өндірістің екі айлық мерзімі бұзылып орындалғаны анықталды.

Көп жағдайларда жеке сот орындаушылары борышкерлердің мүліктік жағдайын тексермеген, ел аумағынан шығуға шектеу қойылмаған.

Сот шешімін орындамағаны үшін борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартпаған фактілер де бар.

2 мыңнан астам атқарушылық құжаттар негізсіз қайтарылған.  Атқарушылық іс жүргізуді қозғамау фактілеріне жол берілген.

Жоғарыда аталған жеке сот орындаушыларының қызметіндегі заң бұзушылықтар мемлекетке шығын келтірді.

Анықталған бұзушылықтар үшін үшін прокурорлар мемлекеттің кірісіне 10 млн. теңгеден астам сома өндіріп алды. 22 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу