Железин ауданының прокурорлары еңбек заңнамасының қолданылуын тексерді

19 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Железин ауданының прокуратурасы 2017 жылға және 2018 жылдың  өткен кезеңіне зиянды еңбек жағдайлары үшін   қосымша ақы төлеу, арнайы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз ету,  сондай-ақ  жұмыс берушінің қаражаттары есебінен  емдеу-профилактикалық тамақтандыру бөлігінде еңбек заңнамасының қолданылуына  талдау жүргізді.

Аудан бойынша барлығы 16 жалпы білім беретін мектеп, 11 ауылдық мәдениет үйі, ауданның 4 ауылдық округі әкімі аппаратының  қызметінде еңбек заңнамасы бұзылған.

Мысалы, «Железин селолық Мәдениет үйі» КМҚК-ның  от жағушыларына жұмыс үшін қосымша ақы  базалық лауазымдық  жалақыдан  8%-ы  мөлшерінде, ал «Алакөл жалпы білім беру орта мектебі» ММ-ның еден жуушыларына  заңмен  қарастырылған  30%-дың  орнына  20%   мөлшерінде  жүргізілген.

Осыған байланысты аудан әкімі және облыс еңбек басқармасының атына бұзушылықтарды жою туралы ұсыным енгізілді, оларды қарау нәтижелері бойынша 46 лауазымды тұлға жазаланды, оның ішінде                               34 басшы. Бұдан басқа 29 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

52 қызметкерге зиянды еңбек жағдайлары үшін   қосымша ақы  төленді, 386 қызметкер арнайы киіммен қамтамасыз етілді.

 

 

Павлодар облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу