Железин ауданының прокуроры тұрғындармен кездесу өткізді

18 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Железин ауданының прокуроры ауданның 12 селолық округі тұрғындарымен кездесу өткізіп, оның барысында қадағалау қызметінің нәтижелері туралы мәліметтерді хабарлады.

Ағымдағы жылдың 8 айында прокуратураның актілері бойынша мемлекет пайдасына 4 млн. теңгеден астам теңге өндірілгені, және кадастрлық құны 210 млн. теңгені құрайтын шамамен 6 мың гектар ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің кері қайтарылғаны атап өтілді.

137 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды, оның ішінде 12 мүмкіндігі шектеулі адамның, оларға негізсіз ұсталған салықтар және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер қайтарылды.

52 жұмысшыға прокурорлық қадағалау актісі бойынша 2017-2018 жылғы кезеңдер үшін  еңбек жағдайлары зиянды жұмыс үшін заңнамамен қарастырылған  қосымша ақы есептелді және төленді. 

Прокурорлық тексеру нәтижесінде атқарушылық өндірістерінің заңдылығын қадағалау бойынша мемлекет пайдасына 1,3 млн. теңге өндірілді.

Сондай-ақ, кездесулер барысында халыққа қолданыстағы қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамаға енгізілген өзгерістер түсіндірілді, оның ішінде жәбірленушілерге өтемақы қорына сотталғандардан мәжбүрлі төлемді өндіріп алу тетіктері туралы айтылды.

Назар аударуды талап ететін жекелеген мәселелер аудан прокурорының жеке бақылауына алынды.

Сонымен қатар, малдардың қараусыз жүру фактілерін анықтау және олардың меншік иелерін жауапкершілікке тарту жолымен мал ұрлығының алдын алу жұмыстарында жергілікті атқарушы органдардың және  Железин ауданы ІІБ ЖПҚ-ның  қызметі үйлестірілді.

Ауданда мал ұрлығының 2 есе (2-ден 5 фактіге дейін) өсуіне байланысты бұл мәселе аса өзекті болып табылады.

Кездесулердің қорытындысы бойынша прокурор азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау ұйымдастырды, онда 37 азаматтардың өтініштері қаралып, оларға ауызша түсініктемелер берілді.

 

 

Павлодар облысы прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу