Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды бақылау күшейтілді

15 мамыр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
 Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды бақылау күшейтілді - 353445942

Облыстық әкімдікте «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың жаңа тәсілдері талқыланды.

Кеңеске облыс прокуроры Қ. Әбдіханов та қатысты.

Абаттандыру, жөндеу және құрылыс бойынша ауқымды науқандарға 43,2 миллиард теңге жұмсалды.

 Оны іске асыру кезінде бақылауды күшейтеді. Осылайша, уәкілетті мемлекеттік органдардан басқа мердігерлердің қызметін жұртшылық бақылайтын болады. Өңірдің кез-келген тұрғыны құрылысты қадағалай алады, бұзушылықтар мен кемшіліктерді фото және бейнетаспаға түсіріп, өз бақылауының нәтижелерімен бөлісе алады. Ол үшін әкімдік арнайы мобильдік қосымшаны қолдану мүмкіндігін қарастырды. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруды қоғамдық бақылаудың мониторингтік топтарына журналистер, сарапшылар, қоғам қайраткерлері және облыстың дамуына немқұрайлы қарамайтындар шақырылады.         

Сондай-ақ 2020 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында Павлодар облысының әкімдігінде адал мердігерлер пулы құрылады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында Павлодар облысының 105 елді мекенінде 221 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың арқасында 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашу көзделіп отыр.

 Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды бақылау күшейтілді - 1421154083
 Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды бақылау күшейтілді - 1094933686