Павлодар облысы прокурорының орынбасары Расул Жеңісұлы Қаймолдин

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Әділет кеңесшісі Расул Жеңісұлы Қаймолдин 1980 жылы туған, ұлты - қазақ, білімі – жоғары, 2001 жылы Алматы қаласында Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясын құқықтану мамандығы бойынша аяқтады.

Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2002 жылғы тамыз айында Павлодар қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры-стажеры лауазымынан бастады.

2003 жылғы мамыр айында Павлодар қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры, Ақсу қаласы прокурорының аға көмекшісі, түзеу мекемелерінде заңдылықты қадағалау жөніндегі Павлодар прокурорының көмекшісі, Павлодар қаласы прокурорының аға көмекшісі, Павлодар облысы прокуратурасы басқармасының прокуроры лауазымына тағайындалды.

2010 жылы мамыр айында түзеу мекемелерінде заңдылықты қадағалау жөніндегі Павлодар прокуроры болып тағайындалды.

2012 жылғы ақпан айында Ақсу қаласының прокуроры болып тағайындалды.

2016 жылғы ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының көмекшісі, Бас прокуратураның Әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты қадағалау департаментінің бөлім бастығы лауазымдарында қызмет атқарды.

2017 жылғы қыркүйек айынан бастап – Павлодар облысы прокурорының орынбасары.