Павлодар облысы прокурорының орынбасары Сламбеков Марлен Қуанышбекұлы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Марлен Сламбеков 1973 жылы Алматы облысы, Кировский кентінде туған. 1996 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірді.

Қызметін 1996 жылы Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасы органдарында маман ретінде бастап, осы прокуратураның әскери прокурорының көмекшісі, Бөлімнің әскери прокуроры, Бас әскери прокуратура басқармасының аға әскери прокуроры, Алматы қ. прокуратурасы Басқармасының аға прокуроры, Алматы қаласының Түрксиб, Әуезов аудандары прокурорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.

2007 жылдың сәуірі мен 2009 жылдың қыркүйегі аралығында Қылмыстық-атқару жүйесі және кедендік бақылау комитетінде қызмет атқарған, кейін прокуратура органдарында қызметін жалғастырған. ҚР Бас Прокурордың аға көмекшісі лауазымда, Бас прокуратурасы Қылмыстық қудалау қызметінің басқарма бастығы болып қызмет еткен.

Осы уақытқа дейін Өскемен қаласының прокуроры лауазымында жұмыс атқарған. Құқық қорғау қызметіндегі өтілі 20 жылдан астам, оның ішінде прокуратура органдарында 19 жылдан астам қызмет еткен.